Accessibility links

Қытай Пәкістанға атом-электр стансасын салуға көмектеседі


Пәкістанның сыртқы істер министрі хабарлағандай, Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің осы аптада Бейжіңге барған сапарының барысында қол қойылған 12 келісімнің ішінде осы туралы құжат та болды.
Қытай Исламабадқа 1 атом стансасының құрылысына атсалысып үлгерді. Екінші атом электр стансасының құрылысын 2011 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.
Пәкістан министрінің сөзіне қарағанда, оған қоса Қытай компаниялары жыл соңына қарай Пәкістанға 1 млрд. доллар инвестиция жұмсауға әзір.
XS
SM
MD
LG