Accessibility links

Маккейн Обаманы Еуропаның социалистік лидерлерімен салыстырды


Республикандықтар кандидаты Джон Маккейн президенттік сайлау науқанындағы бәсекелесі, демократ Барак Обаманы еуропалық социалистік басшылар сияқты салықты өсіріп, байлардың ақшасын кедейлерге бергісі келеді деп атап көрсетті.
Кейінірек Сент-Луисте 100 мың адамның алдына шыққан Обама Маккейннің бұл айтқандарын сайлаушыларды адастыру деп бағалады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, демократтар үміткері Обама республикандық Маккейннен 6 пайыз алда келеді.
АҚШ-тағы президенттік сайлау 4 қарашада өтеді

XS
SM
MD
LG