Accessibility links

ЕуроОдақтың Косоводағы қызметі жақында басталады


ЕуроОдақтың Косоводағы полиция және әділет қызметінің жетекшісі Ювес де Кермабон алдағы екі айдың ішінде миссия толық қуатымен іске кіріседі деп атап көрсетті. Бірақ бұл өздерінің орналасуына Косоводағы серб азшылығы көрсетіп жатқан қарсылықты жеңуге тікелей байланысты деген ол.

Косовоның этникалық басым албандары осы жылдың ақпан айында Сербиядан өз тәуелсіздігін жариялағандығы белгілі. Алайда Косовоның солтүстігіндегі серб азшылықтары мен Сербия үкіметі бұл тәуелсіздікті мойындаудан бас тартқан болатын.

XS
SM
MD
LG