Accessibility links

Оңтүстік Осетия полициясына оқ атуға бұйрық берілді


Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияның полициясына қарсы оқ атылса, оларға да қару қолдануға мұрсат етілді. Оңтүстік Осетия ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Михаил Миндзаев Грузия күштері тарапынан арандатушылық болуы мүмкін, сондықтан үкімет офицерлердің босқа құрбан болуына жол бермейді деп атап көрсеткен.
Мұндай мәлімдеме сенбі күні этникалық грузин ауылында болған қақтығыстан кейін жасалды.
Оңтүстік Осетияның сепаратистік үкіметі сонымен қатар Ресей күштері кеткен соң Оңтүстік Осетия аймағының сыртындағы Грузия территориясын бақылайтын ЕуроОдақ бақылаушыларын грузияшыл деп сынаған болатын.

XS
SM
MD
LG