Accessibility links

Еуропа, Азия қор биржаларындағы индекстер өсті


Бүгін сауда басталысымен-ақ Еуропа қор биржаларындағы көрсеткіштер жоғарылады. Оның алдында Азия нарықтарындағы индекстер де өскен болатын. Әлем елдерінің үкіметтері қаржы жүйесіндегі сенімді қайта қалпына келтіру мақсатында жасалатын бірқатар іс-шараларды жариялаған болатын.
Бүгін Швеция үкіметі елдің қаржы мекемелерін қолдау үшін 205 миллиард доллар бөлетінін хабарлады.
Жексенбі күні Голландия үкіметі әлемдегі ең ірі 20 банктің бірі деп есептелетін ING банкіне 10 миллиард еуро салатынын жариялады.
Ал бұл екі арада Қытай экономикасының дамуы 9 пайызға дейін бәсеңдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG