Accessibility links

Мысырда Палестинаға қатысты келіссөз өткізілмек



Мысыр ресмилері Қайырда өтетін билікті бөлісу келіссөздеріне қатысуға Палестинаның қарсылас фракцияларын шақырды. Бұл туралы Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас мәлімдеді.
Associated Press ақпарат агенттігі Аббастың көмекшісі әлгі келіссөздер қарашаның 9-на жоспарланған деп айтқанын хабарлаған. Шақырту қағаздары исламшыл Хамас тобы мен Аббастың Фатах қозғалысына және кішірек топтарға жіберілді.
2007 жылы маусым айында Хамас Газа секторын өз бақылауына алған болатын. Бұдан бұрынғы билікті бөлісу келіссөздері сәтсіздікке ұшыраған еді.
XS
SM
MD
LG