Accessibility links

Тәліптер Британия азаматшасын өлтірді


Бүгін Кабулда оққа ұшқан әйел Гэйл Уиллиямс есімді Британия азаматы болып шықты. Мотоциклмен келген қарулы екі адам көмек агенттігінде жұмыс істейтін әлгі әйелді атып кеткен болатын.
Британия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Гэйл Уиллиямс Англияда орналасқан “Ауғанстанға қызмет ет” деп аталатын христиандардың көмек ұйымында жұмыс істеген. Шабуылға байланысты жауапкершілікті тәліп бүлікшілері өз мойынына алды.
Тәліптер ол әйелді христиан дінін насихаттағаны үшін өлтірдік деп ақталуда.
XS
SM
MD
LG