Accessibility links

Түркияда бір шеруші қаза болды


Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күрд шерушілері мен полиция арасында орын алған қақтығыстан бір наразылық танытушы қаза тапқан.
Догубаязит қаласында Күрдістан жұмысшылары партиясының жетекшісі Абдулла Очаланға түрме күзетшілері зорлық-зомбылық көрсетті деген наразылықпен олар шеруге шыққан болатын.
Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ жіберген, ал наразылық танытушылар болса оларға тас лақтырған. Очалан өмір бойы бас бостандығынан айырылып, түрмеде отырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG