Accessibility links

Наразы жұрт банк ғимаратына кіріп кетті


Бүгін «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы бастамашыл тобының өкілдері мен баспанасыз қалу қаупіндегі қала тұрғындары Қазақстан Халық Банкінің қалалық және облыстық бөлімдері басшыларының атына петиция тапсыру үшін Алматыдағы Сәтпаев пен Розыбақиев көшелерінің қиылысындағы Халық Банкі ғимаратының алдына жиналды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, дәл қазір аталған жерге 70 шақты адам жиналды. Сол жерде бастамашыл топ өкілдері петицияны халыққа дауыстап оқып берді. Олар қарыздарын өтей алмаған тұрғындар баспанасын саудаға салып жатқан банк өкілдерінен қарызды қайтару мерзімін 12 айға ұзартуларын сұрайды.

Ішкі істер департаменті мен күзет қызметкерлерінің бөгет болғанына қарамастан, «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының өкілдері петицияны тапсыру үшін банк ғимаратына кірді.

XS
SM
MD
LG