Accessibility links

Алматыда Одесса қаласының мәдени күндері басталды


Қазақстан және Украина Президенттері екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайту мақсатында 2007 жылды Украинадағы Қазақстан жылы, ал 2008 жылды – Қазақстандағы Украина жылы деп жариялаған болатын.

Мемлекет басшыларының келісіміне сәйкес өтіп жатқан Одесса қаласының Алматыдағы мәдени күндері барысында Украина өнер шеберлерінің концерті болады, Одесса орыс драма театры мен Одесса киностудиясының қойылымдары көрсетіледі және фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады, — деп хабарлайды Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG