Accessibility links

Қазақстандық әскерилер енді Иракқа жіберілмейді


Бұл туралы Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді.

"Біз Ирактан өз әскерлерімізді шығардық. Олар барынша лайықты жұмыс атқарды. 5 миллионнан аса миналар мен оқ дәрілерді залалсыздандырды. Біздің дәрігерлер де жергілікті тұрғындарға көмек көрсете білді.

Жалпы алғанда біздің әскерилердің Ирактағы қызметі қанағаттанарлық деп ойлаймын. Ең бастысы олар әскери борыштарын абыроймен атқарып, сол елде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға үлес қосты», — деді Д.Ахметов.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG