Accessibility links

Борышкерлер банк басшылығымен келісімге келе алмады


Бүгін сағат 11.00-де Алматыдағы Самал ықшамауданында орналасқан Тұран Әлем Банкінің бас ғимаратының алдына «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының өкілдері мен осы банктің борышкерлері банк басшылығына петиция тапсыруға жиналды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ынталы топ пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Тұран Әлем Банкі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Роман Солодченкомен кездесті. «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы басшыларының борышкерлер мәселесі шешілмесе пикет өткізе береміз деген наразылығына жауап берген Р.Солодченко: «Бізде мәселесі шешілмеген 2000-нан аса борышкер бар, сіздер ұсынып отырған 65 адамның мәселесін шешіп берсек, қалған борышкерлер де көмек сұрайды. Ал барлық борышкерге көмек беруге біздің банктің ресурстық мүмкіндігі жоқ. Әр борышкердің мәселесін жеке қарастырып көреміз, бірақ сіздердің борыштық мерзімдеріңізді өздеріңіз сұрағандай бір жыл мерзімге ұзарта алмаймыз» ,— деді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG