Accessibility links

Ресей мұнай бағасына әсер еткісі келеді


Ресей әлемдік мұнай бағаларына әсер ету мақсатында мұнай қоры идеясын қарастырып отыр. Бұл ақпарат мұнайды сыртқа шығаратын елдердің OPEC ұйымы бас хатшысы Абдулла әл-Бадридің Мәскеуге сапары барысында жарияланды. Жұма күнгі жиында аталған ұйым мұнай өндірісін қысқартуға келісетінін хабарлаған еді. Қазір мұнай арзандап бара жатқаны белгілі.

OPEC ұйымына мүше кей елдер Ресейді мұнай өндірісін азайтуға шақырып отыр бірақ әл-Бадри бұл жөнінде Ресей басшылығына өтініш жасамайтынын айтты. Ірі мұнай өндіруші мемлекет болып табылатын Ресей OPEC ұйымына мүше емес.
XS
SM
MD
LG