Accessibility links

Иран: OPEC мұнай өндірісін қысқартуы тиіс


Мұнайға деген ғаламдық сұраныстың азаюы OPEC ұйымы мұнай өндірісін күніне 2 миллион баррелге қысқартуы тиіс дегенді білдіреді. Бұл туралы бүгін журналистерге Иран мұнай министрі Ғолам Хоссейн Нозари хабарлады. Оның айтуынша, өндіріс қысқартылса, төмендеп бара жатқан мұнай бағасы тұрақталады.

Мұнайды сыртқа шығаратын елдердің OPEC ұйымы жұма күні Венада төтенше жиын өткізеді. Аталған ұйым қазір күніне 28.8 миллион баррель мұнай шығарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG