Accessibility links

Грузия: жікшіл аймаққа Ресей күштері орналастырылуда


Грузия ресмилерінің айтуынша, Ресей соңғы аптада Оңтүстік Осетияға қосымша 2 мың сарбазын орналастырған. Грузия Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шота Утиашвили бүгін Тбилисиде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Грузияның бұл жікшілдік аймағында Ресейдің 7 мың әскери қызметкері бар деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Грузия "Ресей Оңтүстік Осетияда арандатушылық әрекеттерге дайындалуда" деп қауіптенеді. Утиашвилидің бұл мәлімдемесіне байланысты Ресей әлі ешнәрсе айтпады.
XS
SM
MD
LG