Accessibility links

Грузияға миллиондаған доллар бөлінбек


Еуропаның Қайта құру және даму банкі 2008 - 2010-шы жылдар аралығында Грузияға 975 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несие мен инвестиция бермек. Аталған банктің бүгін жарияланған мәлімдемесінде бұл қаржының негізгі бөлігі тамыз айында Ресеймен арадағы соғыстан зардап шеккен Грузияны қайта қалпына келтіруге бағытталады делінген.

Ал осыдан бір күн бұрын халықаралық донорлар Грузияға көмектесу үшін 4 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге уәде етті.
XS
SM
MD
LG