Accessibility links

Ирақ күштері 12-ші өлкені өз бақылауына алмақ


Ирақтың қауіпсіздік күштері бүгін Бабил өлкесіндегі қауіпсіздікті өз бақылауына алады. Сонымен елдегі 18 провинцияның 12-сі АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштерінің бақылауынан Ирақтың қауіпсіздік күштеріне берілмек. Қазір АҚШ пен Ирақ ресмилері американдық әскерилердің Ирақта одан әрі қала беруіне мұрсат ететін ұзақ мерзімді қауіпсіздік құжатына байланысты бір ымыраға келе алмай отыр.

Сәрсенбі күні Ақ үй егер Бағдад бұл құжатты мақұлдамаса, Ирақ үшін оның “нақты салдары” болады деп ескертті. Ал Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебаридің айтуынша, Бағдад келісім жобасына кішігірім өзгерістерді енгізуді қалайды.
XS
SM
MD
LG