Accessibility links

Азияның биржаларында индекстердің арзандауы толастамады


Жұма күні Азияның қор биржалары индекстердің тағы да арзандауымен ашылды. Күншығыс елінде акциялар 7 пайызға құнсызданса, Оңтүстік Кореяда биржаның негізгі индексі алғаш рет 2005 жылдың ортасындағы көрсеткішінен де төмен құлдырап, 1 мыңнан да төмен сатыға түсті.

Оның алдында үшінші тоқсанда Оңтүстік Корея экономикасы соңғы 4 жылдағы ең баяу қарқынмен өсетіні хабарланды. Шығыс Азия елдерінің жетекшілері Бейжіңдегі кездесуінің барысында - әлемдік қаржы дағдырысының теріс әсерін жеңілдету үшін жалпы көлемі 80 млрд. доллар болатын ортақ қор құруға келісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG