Accessibility links

НАТО-ның құрамына тағы 2 ел қабылданады


АҚШ президенті Джордж Буш Хорватия мен Албанияны НАТО альянсына қабылдау туралы хаттамаға қол қоюға тиіс. НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің Вашингтонда өтетін қол қою рәсіміне қатысуы жоспарланған.

Хорватия мен Албания НАТО-ға мүше болу үшін келіссөзге өткен сәуір айында шақырылған болатын. Енді олардың альянсқа кіруін 2 елдің өздері мен НАТО-ның барлық 26 мүшесі мақұлдауға тиіс.

Жоспар бойынша екі ел НАТО-ға ресми түрде 2009 жылы қабылданады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG