Accessibility links

ОПЕК картелі мұнай бағасының арзандауын талдайды


Бүгін Венада мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК-тің төтенше мәжілісі басталды. Өткен шілде айында 1 баррелі 150 долларға дейін тақап қалған мұнайдың бағасы қазір 2 есеге дейін құлдырады.

Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Хоссейн Назари бағаның құлдырауын тоқтату үшін тәулік сайын өндірілетін мұнай шикізатының көлемін 2 млн. баррелге азайтуды талап етеді. ОПЕК картелінің өзге мүшелері әзірше сабырлық көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG