Accessibility links

Өндірістің қысқаруы мұнайдың арзандауын тоқтата алмады


Мұнай экспорттаушы мемлекеттердің ұйымы – ОПЕК – тәулігіне өндірілетін шикізатты алдағы айда 1.5 млн. баррелге қысқартады. ОПЕК елдер өкілдерінің бүгін Венада болып өткен төтенше мәжілісінде картельдің мүшелері осындай келісімге келді.

ОПЕК-тің мәлімдемесінде айтылғандай, мұнай бағасының бұрын соңды болмаған қарқынмен құлдырауы ауыр дағдарыстың келгенін аңғартты. Картель сонымен қатар мұнай бағасының күрт арзандауын тоқтату үшін өзге елдерді, оның ішінде Ресейді мұнай өндірісін азайтуға шақырды. Бірақ соған қарамастан бүгін Нью-Йорк баржасында 1 баррель мұнайдың бағасы бірнеше долларға арзандап, 65 долларға түсті. Өткен шілде айынан бері мұнай 150 доллардан 2 есеге дейін арзандады.
XS
SM
MD
LG