Accessibility links

Бейжіңде 7-ші Азия-Еуропа саммиті аяқталады


Бүгін Бейжіңде ғаламдық қаржы дағдарысына арналған Азия-Еуропа саммиті аяқталады. Жұма күні оның ашылуында сөйлеген сөзінде Қытай премьері Ху Цзиньтао әлемдік жаңа дағдарыстан шығудың жолын мейлінше тез табуға шақырды. Ал Қытай үкіметінің төрағасы Вэнь Цзябао Еуропа мен Азияны тығыз ынтымақтастыққа шақырған Еуропа жетекшілерімен келісті.
Германия канцлері Ангела Меркель әлемдік қаржы жүйесінің жаңа тәртібін ұсынды. Оған сәйкес, қаржы нарығына қатаң бақылау орнатып, ол ашық жұмыс істеуге тиіс.
7-нші “Азия-Еуропа саммитіне” Еуропаның 27, Азияның 16 мемлекеті қатысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG