Accessibility links

Пәкістанда содырлар басып алған қала босатылды


Пәкістан армиясы Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан Лои Сам қаласын босатқанын хабарлады. Тамыз айында ол қаланы содырлар басып алған болатын.
Армияның мәліметіне қарағанда, 2 айға созылған соғыс қимылдарының барысында 1.5 мыңнан астам ислам көтерілісшісі жер құшып, армияның 172 жауынгері мерт болған.
Хабарға қарағанда, шетелдерден жалданған 300-ден астам содыр тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG