Accessibility links

Ауғанстанда 2 түрік инженері ұрланды


Ауғанстанның шығысында 2 түрік инженері мен олардың ауғандық көлік жүргізушісі ұрланды. Хост облысының әкімі Арсала Жамал хабарлағандай, 2 инженер Пәкістан шекарасына жақын ауданда радионың антеннасын орнатуға көмектесіп жүрген көрінеді.
Кабулдағы Түркия елшілігі 2 азаматының ұрланғанын растады және олардың 23 қазанда жоғалғанын хабарлады.
Талибан қозғалысы кісі ұрлауға қатысы жоқтығын айтып, оларды жергілікті қарақшылардың ұрлауы мүмкін деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG