Accessibility links

Иран президенті науқастанып қалды


Иран президенті Махмұд Ахмединежад жұмысының көптігі мен ауырлығынан сырқаттанып қалды деп хабарланып отыр.
Ирна жаңалықтар агенттігі парламент мүшесі, президенттің жақын одақтасы Мохаммед Исмаил Коусаридің Махмұд Ахмединежад президенттік міндетін атқаруда жұмысқа тым берілгендіктен, денсаулығы төмендеді деген сөздерін келтірген. Бірақ ол науқас болса да, жұмысын жалғастыра береді деген ол.
Ахмединежад тәулігіне 20 сағат жұмыс істейді, ол соңғы бірер күн бойына ел алдына шықпаған екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG