Accessibility links

Пәкістан, ауған ақсақалдары ақылдасуға жиналады


Дүйсенбі күні Пәкістан мен Ауғанстанның саяси және этникалық пуштун тайпалық жетекшілері Исламабадта кездесіп, бүлікшілер қақтығыстарын тоқтатумен қатар, тәліптермен келіссөздерге бару мүмкіндігін де талқыламақшы.
Бұл бас қосу Ауғанстан –Пәкістан "Жырғағайы" немесе кіші жырға деп аталады.
Өткен жылы Кабулда болған ұлы Ассамблеяда делегаттар тәліп бүлікшілерімен келіссөздерді бастап, қанды қақтығыстарды тоқтатуға шақырған еді.
Енді міне сол шақыруларға жауап ретінде екі елдің 50-ге жуық саяси жетекшілер мен пуштун ақсақалдары, мұсылман дінбасылары екі күн бойына әл-Қаида мен Талибан шабуылдарына шекараның екі бетінде тұсау салу жолдарын қарастырмақшы.

XS
SM
MD
LG