Accessibility links

Дүкен атын жамылған казиноны Теміртаудан табасыз


Сырты дүкен казинодағы сыйқырлы рулетка. Теміртау, қазан , 2008 ж.

Сырты дүкен казинодағы сыйқырлы рулетка. Теміртау, қазан , 2008 ж.

Қазақстанда Көкшетау мен Талдықорған қалаларынан өзге жерлерде ойын бизнесіне тиым салынғанымен, басқа қалаларда заңсыз жұмыс істейтін казинолар арагідік кездесіп қалады.

Қарағанды облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері Теміртау қаласында осындай кәсіппен айналысатын 2 казино жұмысын әшкереледі.

Теміртау қаласындағы бір казиноның кіре берісіне дүкен деген жазу ілінген екен, мұнда дүкен іздеп кіргендер ойыны қызып жатқан казиноның ішінен бір-ақ шығады.
Казино қожайындары бұл жердегі ойындар ақша тігусіз ойналады деп ақталмақшы болды. Алайда казиноға ойыншы ретінде кірген журналистердің бірінің қолындағы белгі салынған ақшалар рулетка басында тұрған крупье қалтасынан табылды.
Казиноны қыздырған ойынқұмарлардың қызығы кілт үзілді. Теміртау, қазан, 2008ж.


Осында келушілердің айтуынша казино тәулік бойы жұмыс атқарады. Рейд барысында тәртіп сақшылары казино кассасынан 70 мың теңге көлеміндегі қаражатты тәркіледі.
Осы жердегі ойындарға ақша тігілетінін операция барысында ұсталғандар да мойындады. Алайда олар бұл жерден ұтыс көрмейтіндерін де бірауыздан айтып берді.
Тіпті ойыншылардың бірі заңсыз казинодағы рулеткаға осыған дейін 300 мың теңге көлеміндегі ақша салып ұттырдым деп шағымданғанымен, мұнда келмейін десем ойынға деген құмарлығым жібермейді дейді.

Заңсыз жұмыс атқаратын екінші казино жұмысы Теміртау қаласындағы Инь- Янь мейрамханасының екінші қабатында орналасқан екен.
Ондағы үлкен залда 30 ойын автоматы мен екі рулетка қойылған. Мұндағы кассаға түскен қаражат алғашқысынан аздау болғанымен, бұл жердегі ақшалар әр екі сағат сайын жиналып отыратындығы белгілі болды.
Енді дүкен атын жамылған ойын-сауық отаулары қожайындарының үстінен заңсыз кәсіпкерлік баптары бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады.

XS
SM
MD
LG