Accessibility links

Пәкістандағы шабуылдан адам шығыны болды


Пәкістан ресмилерінің айтуынша, Ауғанстанмен арадағы шекарада орын алған зымыран шабуылынан 20-ға жуық адам қаза тапты. Пәкістан жерінде болған бұл шабуылды АҚШ күштері жүзеге асырды деген күдік айтылып отыр.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін таңертең Оңтүстік Вазиристан аймағында болған әуе шабуылы Талибанның пәкістандық қолбасшысының қолдаушыларына бағытталған көрінеді. АҚШ әскерилері бұл оқиғаға байланысты әзірге ешнәрсе айтпады.
XS
SM
MD
LG