Accessibility links

Қазақстанға ханзада Ага Хан IV келмек


Қазанның 28-де Исмаилиттер қауымының мұрагер имамы ханзада Ага Хан IV Қазақстанға сапармен келеді. Төрткүндік сапары барысында Ханзада Қазақстан басшыларымен кездеседі. Сондай-ақ, Алматы облысының Текелі қаласында Орталық Азия университеті филиалы құрылысының іргетасын қалау жоспарланып отыр.

Аталған университет Ага Хан қорының аймақтың таулы аудандары халқына көмектесу бағдарламысын жүзеге асыру ауқымында құрылған болатын. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG