Accessibility links

Литвадағы сайлауда консервативтер жеңіске жетті


Литвадағы сайлаулардың ресми нәтижесіне қарағанда, консервативтік Отан одағы парламенттегі орындардың басым бөлігін жеңіп алды. Жексенбі күні болған дауыс берулердің екінші турында Отан одағы парламенттегі 44 орынға қол жеткізген, ал Социал демократтар 26 орынды иеленген.
1999-2000 жылдар аралығында премьер-министр болған Отан одағының жетекшісі Андриус Кубилиус елдегі өзге партиялармен бірге коалиция құру мақсатында келіссөздер өткізуге дайын екенін хабарлады. Литва парламентінде жалпы 141 орын бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG