Accessibility links

Әскерилердің әйелдері Президентке ашық хат жолдады


Бүгін Алматыдағы Демократия үйінде баспанасыз әскерилердің әйелдері баспасөз мәслихатын өткізді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мәслихаттың негізгі мақсаты — баспанасыз әскерилердің әйелдері қол қойған ашық хаттың мәтінімен таныстыру.
«Құрметті президент мырза! Біз, запастағы офицерлердің әйелдері ҚР «Әскери қызметтегілер мен олардың отбасыларының мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы» туралы заңның 17- бабының бұзылуына байланысты сізден көмек сұраймыз...» деп басталған ашық хатта сот орындаушыларының қолында Алматы гарнизонындағы әскери ардагерлерге баспана беру туралы соттың 36 шешімі жатқаны айтылады.

Және бұл шешімді орындау үшін қаржының жоқтығы туралы баяндаған ҚР қорғаныс министрінің орныбасары Жанасаевтың сөзін де келтірген.

XS
SM
MD
LG