Accessibility links

Борышкерлер «Альянс Банк» басшылығымен келісімге келді


Алматыдағы Жібек жолы мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан «Альянс Банктің» бас ғимаратының алдына жиналған «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының өкілдері мен борышкерлер банк басшылығымен кездесті.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «Альянс банкінің басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов борышкерлерге көмектесетіндерін айтты.
Көмектің алғашқысы — 12 айға дейін дағдарыс қорының жұмысы басталғанша банк борышкерлерінің ешқайсысының үйін алып қоймаймыз. Егер борышкердің қандай да бір табысы болса, соның 30 пайызын банктегі қарызын өтеу үшін төлеп тұрсын, — деді Е.Сұлтанқұлов.

XS
SM
MD
LG