Accessibility links

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның сессиясына қатысады


Ертең Түркияда басталатынДүниежүзілік экономикалық форумның «Еуропа және Орталық Азия» атты Стамбул сессиясына ҚР премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бастаған Қазақстан өкілдері қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті.
Ержан Ашықбаевтың айтуынша, форум жұмысына ресми тұлғалармен қатар іскер топтардың өкілдері, мәдениет және дін қайраткерлері мен журналистер қатысатын болады. Форумда Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінің ортақ қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның сессияларының бірін 2009 жылы Қазақстанда өткізу мәселесі де қаралады.


AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG