Accessibility links

Кришна храмына қатысты сот тыңдаулары 3 қарашада жалғасады


«Кришна санасы қоғамының» Қазақстандағы жалғыз храмын бұзуға қатысты сот тыңдаулары 3 қарашада жалғасады», — деп хабарлады аталған діни бірлестіктің өкілі Максим Варфоломеев.
Жуырда Алматы облысының Қарасай ауданында «Кришна санасы қоғамының» храмын бұзу туралы сот тыңдаулары басталды. Қарасай ауданының әкімі аталған храмды заңсыз тұрғызылған нысан ретінде бұзуды талап етіп, сотқа арыз түсірген. Кришналықтар да өз кезегінде бұл істің мерзімі өтіп кеткендіктен талап арызды қабылдамау туралы өтініш білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG