Accessibility links

Семейдегі «Қызыл жарты ай» ауруханасы жабылу алдында тұр


Бұл туралы «Қызыл жарты ай» қоғамы Семей филиалының төрағасы Еркін Қожахметов хабарлаған. Е.Қожахметовтің мәліметінше, биыл облыстық денсаулық сақтау департаменті ауруханаға бөлінетін қаржыны қысқартып, 9 млн теңгенің орнына 7 млн теңге беріп отыр. Бұл қаржы аурухана қамқорлығындағылардың 9 айлық тамағына ғана жеткен.

«30 адамға есептеліп салынған ауруханада қазір 40-қа жуық адам емделуде, бұлардың көбі қарастығы жоқ қарт адамдар. Біздің тікелей міндетімізге кірмесе де, мемлекеттің ең осал тұсы болып отырған жағдайы нашар адамдарға көмектесу мақсатындағы бірнеше жобамыз бар. Мемлекет жағдайымызға түсіністікпен қарап, мәселемізді шешуге көмектессе екен дейміз», — деді қоғам төрағасы.


XS
SM
MD
LG