Accessibility links

Ливия президенті Ресейге бармақ


Ливия басшысы Муаммар Каддафи осы аптада Мәскеуге сапармен барады. Бұл Солтүстік Африка президентінің 1985 жылдан кейін Ресейге жасайын деп отырған алғашқы сапары. Ресми Кремлдің мәлімдемесінде Каддафидің сапары қазанның 31-i мен қарашаның 2-не дейін жалғасады делінген. Алайда күн тәртібінде қандай мәселелердің тұрғандығы хабарланған жоқ. Бақылаушылардың айтуынша, екі ел ресмилері энергия мен қару-жарақ саудасын талқылауы мүмкін.
Владимир Путин Ресей президенті болып тұрған кезінде, сәуір айында Ливияға барған еді. Қазіргі премьер-министр Путин тиімді келісімдердің есесіне Ливияның 4.5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қарызын жоюға келісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG