Accessibility links

Армения - Әзірбайжан басшылары Ресейде кездеспекші


Армения мен Әзірбайжан президенттері осы аптаның соңында Мәскеуде кездесіп, екі ел арасында 20 жылға созылған Таулы-Қарабах жанжалын талқылайды.
Ресми Кремлдің хабарлауынша, Ресей президенті Дмитрий Медведев Армения мен Әзірбайжан басшыларын қарашаның 2-де қабылдамақ. Әзірбайжан территориясында орналасқан Таулы-Қарабах анклавы 1990-шы жылдардағы 6 жылдық қақтығыстан кейін этникалық армян күштерінің бақылауында қалып отыр. Атысты тоқтату жөніндегі келісім 1994 жылы жасалды, бірақ бұл дауды шешуге бағытталған халықаралық келіссөздер сәтсіздікке ұшыраған болатын.

Бақылаушылардың айтуынша, Мәскеудегі келіссөздер Ресейдің аймақтағы ықпалын күшейткісі келетіндігін білдіреді.
XS
SM
MD
LG