Accessibility links

Сомалидің жікшіл аймақтарында жарылыстар болды


Хабарларға қарағанда, Сомалидің екі жікшіл аймағында бүгін бірқатар жанкештілік жарылыстар орын алып, кемінде 28 адам қаза тапқан. Сомалилэндтың астанасы - Харгейса мен солтүстіктегі Пунтлэнд аймағының экономикалық астанасы - Босассода қатарынан 5 жанкештілік шабуыл жасалды.
Харгейсадағы БҰҰ-ның ғимараты мен президент сарайы және эфиопиялық консулдыққа бағытталған 3 жарылыстан кемінде 25 адам опат болды деп хабарланып отыр. Босассодағы шабуылда Барлау қызметі нысанаға алынып, кемінде 3 адам қаза тапты. Шабуылдарға байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG