Accessibility links

Әлемдегі дағдарыстан «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс деңгейі де төмендеп барады. Теміртауда болған вице-премьер Өмірзақ Шүкеев кездесудің басты мақсаты қалыптасып отырған жағдайдан шығу жолдарын бірлесіп қарастыру дегенге назар аударды.

Бұл кездесу қалыптасып отырған жағдайға деген тың көзқарас. Бұрындары нарықтағы жағдайы кері қалыптасып отырған уақытта қол қусырып отыра беретін болсақ, қазіргі таңда экономикадағы тұрақсыздыққа керісінше қарауымыз қажет. Дағдарыс күтпеген жағдай емес, біз әлемдік нарықты бақылып отырып, болжамдар, жоспарлар жасадық. Дағдарыс ірі өнеркәсіп және өндіріс ошақтарынан сырт өткен жоқ. Қазіргі таңда басты мақсат дағдарысқа қарсы тұру. Елбасы кеңейтілген жиналыста айтқан сөзінде инвесторлaрдың бұл жағдайда іс әрекеті қандай болса, үкіметтің де қазіргі уақытта және келесі уақыттардағы қадамы сондай болмақ деген ҚР премьер министірінің орынбасары Өмірзақ Шүкеев компания басшылығын қалыптасып отырған жағдайдын шығу жолдарын үкіметпен келісе отырып қарастырғанның жөн болатынын ескертті.
Қазақстан вице -премьері Өмірзақ Шүкеев, Теміртау, 28 қазан, 2008 жыл.


"Арселор Миттал Теміртау" компаниясындағы есеп- қисап стратегиясымен айналысатындардың айтуынша, жағдай шынымен де алаңдарлық.
"Біздің компанияның әлем бойынша өндіріс деңгейі 25-30 пайызға төмендеп отыр. Еуропада бұл жағдай салыстырмалы түрде жақсы деуге болады. Өйткені бұндағы нарық қорғалған. Қазіргі таңда біздің өнімге деген баға 500- 600 доллар шамасында. Ай басындағы 800 доллар көлеміндегі баға екі есеге төмендеп отыр,"- дейді «Арселор Миттал Теміртау» АҚ маркетинг менеджері Прадхан Анип.

Кездесу барысында төртжақты меморандумның жобасы талқыланды. Бұл меморандумда компанияның дағдарыстан шығу жолдары , алдағы уақыттағы даму жоспары бекітілумен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары назарға алынды. Экология да отырыста көтерілген мәселер қатарынан тыс қалмады. Кездесуден соң Өмірзақ Шүкеев пен облыс әкімі «Арселор Миттал Теміртау » компаниясының өндіріс цехтарының жұмысымен танысты.

Осыдан кейін Облыс әкімі Нұрлан Нығматулин премьер минстр Кәрім Мәсімовтың қабылдауында болып, Қарағандыдағы ірі өнеркәсіп алпауыттарының ғаламдық дағдарыс әсерімен қалай күресіп жатқанын баяндады.
Өндіріс қарқынын тұрақтандыру мен аталған компания жұмыскерлерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында түрлі іс шаралар қолданамыз дегенді баса айтты.

Металлды өткізу жоспар бойынша айына 100-150 тонна болмақшы. Металға деген сұраныстың төмендеуінен осы көрсеткіш орындалса, жұмыстан болсатылған 3300 адам өндірістің басқа да жұмыстарына жегіледі. Компания басшылығы уақытша жұмыстан босатылған жұмыскерлерді түрлі қосалқы шаруаларға жұмылдыруда. Атап айтсақ, өндірістегі құрылыс және жөндеу жұмыстарына 1100 адамды, жөндеу және құрылыс жұмыстарына 520 адам, өндіріс аумағын абаттандыруға 580 адам және 520 адамды өндірісті күзету жұмыстарына тартатын боламыз деді Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG