Accessibility links

Борышкерлер «АТФ Банк» басшылығымен кездесті


Алматыдағы Фурманов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан «АТФ Банкінің» бас ғимаратының алдына жиналған «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының өкілдері мен борышкерлер банк басшылығымен кездесті.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл аталған қозғалыстың өткізіп отырған төртінші акциясы. «АТФ банкінің» басқарма директоры Шухрат Садыров борышкерлерге көмектесетіндерін айтты.
«Халыққа баспана қалсын» қозғалысының 20 мүшесі біздің клиентіміз. Әрбір клиенттің құжатын жеке-жеке қарап, көмек беру жолдарын ойластырамыз. Борышкерлерге 6 айға мораторий бергелі отырмыз. Дағдарыс біткенше, айыппұл салуды тоқтата тұрамыз. Әрі қарайғы жағдайды да қарастырып көреміз», — деді Ш.Садыров.



AzattyqTV

XS
SM
MD
LG