Accessibility links

Бұрынғы АҚШ президенті Обаманы қолдауда


Маңызды сайлау штаты – Флоридада АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон президенттіктен үміткер демократ Барак Обамамен бірге халықтың алдына шықты. Орландо қаласының жанында өткен науқанда Клинтон сайлаушыларды қарашаның 4-дегі президент сайлауында Обаманы қолдап, дауыс беруге шақырды. Сегізжылдық Буш әкімшілігінен кейін АҚШ-тағы өзгерістер үшін Иллинойс сенаторы Барак Обама - ең мықты кандидат болып табылады деді Клинтон. Ал сәрсенбі күні Обаманың қарсыласы республикашыл үміткер Джон МакКейн Американы лаңкестіктен қорғауға Обаманың жеткілікті тәжірибесі жоқ деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG