Accessibility links

Қазақстан Әділбек Жақсыбековті елшілікке тағайындауға келісім сұрады


Кремль әкімшілігінің деректеріне қарағанда, Қазақстан Ресей Федерациясынан Ә.Жақсыбековті Қазақстанның осы елдегі елшісі етіп тағайындау туралы келісім сұрады, — деп хабарлайды ҚазТаг.
Ә.Жақсыбеков қаңтардан қазан айының басына дейін «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары, ҚР президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды. Оған дейін ол мемлекет басшысы әкімшілігінің жетекшісі болған.
Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарып келген Нұртай Әбіқаев қазір ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG