Accessibility links

Алматыда бір мезетте екі үй өртеніп кетті


Қаладағы Әуезов ауданының аумағындағы екі үй мен оларға жалғаса салынған шаруашылық құрылыстары бір мезетте өртеніп кетті, — деп хабарлайды қалалық құтқару қызметі.
Құтқару қызметінің ақпаратынша, Чернов көшесінде орналасқан №108 және №110 «А» үйлерде бүгін түнгі 2 сағат 25 минутта өрт шыққан. Өрт екі үйге қоса 150 шаршы метрді алып жатқан аумақтағы сарайларды да шарпыған. Таңғы 4 сағат 58 минутта өрт толығымен сөндірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG