Accessibility links

Алматыда "Халыққа баспана қалсын!" қозғалысы митинг өткізді


Сенбі күні Сарыарқа кинотеатрының жанындағы рұхсат етілген митингке баспана зарын тартқандар түгел жиналды десе де болады. Олардың арасында баспанасыз әскерилер, даулы аудандар мен жатақханалр тұрғындары, ипотека несиесі бойынша борышқа батқандар бар.
Несие қарызын кейінге шегеруді талап етіп, банктер алдында пикеттер тізбегін жалғастырған үлескерлер "Халық банкінің" басшысы Григорий Марченконың өздерімен кездесуге шықпай қойғанына наразылық ретінде оның үлкен портретін осы митингте от қойып, өртеп жіберген.
Митингке қатысушылар биліктің тұрғын үй мәселесін оң шешуін, үлескерлердің ақшасын жинап алып, құрылысты тоқтатып қойған компаниялардың басшыларын жауапқа тартуды сұрады.

XS
SM
MD
LG