Accessibility links

АҚШ-ғы президенттік сайлау науқаны мәресіне жақындады


Бүгін сайлау алдындағы соңғы жексенбі, сауалнамалар бойынша демократтар кандидаты Барак Обама өз бәсекелесінен алда келеді.
Дегенмен де, Reuters Zogby агенттігінің сенбі күні жариялаған сауалнама қорытындысы республикандықтар кандидаты Джон Маккейннің бәсекелесімен арадағы алшақтықты 5 пайызға дейін қысқартқанын көрсеткен, оның алдында бұл көрсеткіш 7 пайыз болған еді.
Жексенбіні үміткерлердің екеуі де қалай да дауыс берулер өтетін "майдан алаңдарында" өткізеді. Обама Невада, Колорадо, Миссури штаттарында, ал Маккейн Вирджиния мен Пенсильвания штаттарында болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG