Accessibility links

Пәкістанда зілзаладан зардап шеккендер көмекке зәру


Халықаралық Қызыл крест комитеті бүгін жер сілкінісінен баспанасынан айрылып, тұрмыс тауқыметін тартып жатқан пәкістандықтарды келіп қалған қыс суығынан сақтау үшін 7.8 миллион доллар қажет деп мәлімдеді.
29 қазанда Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасына жақын аймақта қуаты 6 балдан асатын зілзала болып, мыңдаған адам баспанасыз қалды.
Ресмилер құрбан болғандар саны 215 дегенімен, олардың саны өсе түсуде.
Қызыл крест өкілдері құтарушылардың қираған үйлердің орнын аршып, әлі де жұмыс істеп жатқанын айтқан.
Жұма күні АҚШ Пәкістандағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 миллион доллар бөлеміз деген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG