Accessibility links

«Қош бол, Гүлсары» көрерменге жол тартты


Бүгін ұлттық баспасөз клубында Шыңғыс Айтматовтың шығармасы бойынша түсірілген «Қош бол, Гүлсары» кинокартинасының премьерасы туралы баспасөз мәслихаты өтті.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, фильмнің тұсаукесер көрсетілімі 5 қарашада Алматыдағы «Арман» кинотеатрында болмақ. 6 қарашадан бастап жалпы прокатқа шығатын туындының 15 дана орыс тіліндегі, 5 дана қазақ тіліндегі көшірмесі бар. Сондай –ақ DVD дискіге әзірге 1000 данамен шығарылып отыр.
«АРД фильм» ЖШС кинокомпаниясы мен «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бірлескен жұмысы болып табылатын «Қош бол, Гүлсарының» режиссері Ардақ Әмірқұлов.
«Ертеректе «Абай» фильмінің көрсетілімі кезінде Шыңғыс Айтматов «Боранды бекетке» кино түсірсеңдер» деп ұсыныс жасаған. Бірақ ол күрделі шығарма болғандықтан да, мен осы «Қош бол, Гүлсарыға» тоқталып, автордан рұқсат сұрадым. Келісімін берген Ш.Айтматов бұл фильмнің түсіріліп, дайын болғанын естіді. Қазір фильмнің прокат мәселесімен «Қазақфильмнің» дистрибьютерлік бөлімі айналысуда», — деді А.Әмірқұлов.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG