Accessibility links

Киім дүкенінің жерін тартып алмақшы


Алматыдағы Абылайхан даңғылы 65 үйде орналасқан «Luisa Spagnoli» деген итальяндық киім дүкенінің иелері журналистерге арнап брифинг өткізді.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, аталған киім дүкенінің орналасқан жерін «Астар компаниясы» ЖШС тартып алмақшы. Алматы қалалық әкімшілігі де бұл мәселені шешуде қауқарсыздық танытып отыр. Бұл даудың басталғанына екі жылдың жүзі болыпты.
Жартылай бұзылған бұл ғимаратта аталған дүкеннен басқа екі кеңсе ғана жұмыс істеуде. 82 шаршы метр аумақты алып жатқан дүкен иелерінің айтуынша, «Астар» ЖШС дүкеннің орнына басқа ғимарат тұрғызбақ ниетте бұларға алғашқы жарна төлеп, үлескер болуды ұсынып отырған көрінеді.
«Астар» біздің ешқандай талабымызды орындап отырған жоқ. Оларға керегі осы орын болса, біз босатып беруге даярмыз, тек қана бізге итальяндық киім дүкені болуға лайық орын жасақтап берсе болды», — дейді дүкен иелері. Мәселені шешуге араласқан «Кәсіпкерлерді және меншік иелерін қорғау одағы» істі аяғына дейін жеткіземіз деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG