Accessibility links

Беларус-Ливия ынтымақтастық келісімдері жасалды


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи Беларус президенті Александр Лукашенкомен келіссөз өткізді. Лукашенко Ливияны “жақын әріптес” және “дос” деп атады. Ол, сондай-ақ, Каддафиге Ливияның халықаралық сахнада Беларуске қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдірді. Каддафидің мәлімдеуінше, бұл сапардың мақсаты екіжақты қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Екі жақ ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімдерге қол қойды. Беларустан кейін Ливия жетекшісі Украинаға барады.
XS
SM
MD
LG