Accessibility links

Қазақстандық депутаттар АҚШ-тағы сайлауға қатысады


Бүгін өтетін АҚШ-тағы президент сайлауына Қазақстан парламентінің депутаттары байқаушы ретінде қатыспақ. Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, «Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Әділ Ахметов пен Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының құрамында Америка Құрама Штаттарының президенттік сайлауына байқаушы ретінде қатысады».

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG